• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:03:26
Алматы
+35°

Түркияның Газиантеп қаласындағы объектілердің бірінде Қазақстаннан барған құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды тірідей шығарып алды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылар қираған конструкциялардың астына түсіп, адамдарды жоғарыдағы түрік әріптестеріне жеткізіп берген.

"Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды. Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырды. Жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанымен аса күрделі жағдайларда жүргізілді. Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылды" делінген министрлік хабарламасында.

Түркия мен Сирия шекарасы маңында болған жойқын жер сілкінісі салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сай, Түркияда зілзаладан қаза болғандар саны 12 мыңнан асқан. Үйінділерді аршу, тірі қалған адамдарды құтқару жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр.

Жер сілкінісінен кейін Түркияда 4 қазақстандықтың жоғалып, оның біреуі аман-есен табылған. Үйінді астында қалған Сабира Мамадиярова аздаған жарақаттар алған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Түркиядағы зілзала

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір