• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:42:18
Алматы
+35°

Президент жарлығымен Асхат аймағамбетов қызметінен босатылып, оның орнына Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды" делінген Жарлықта.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 

1989-1990 жылдары – қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары – орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары – орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары – ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, референті. 

2000-2001 жылдары – Қапшағай қаласы Білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары – Халықаралық қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2007 жылдары – Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледж директоры.

2007-2020 жылдары – Халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020-2022 жылдары – ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті.

2022 жылғы наурыздан бастап – ҚР білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР оқу-ағарту вице-министрі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір