• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 17:20:48
Алматы
+9°

Adal партиясы қызметін тоқтатты. Бұл туралы әділет министрлігі хабарлады, деп жазады КазТАГ агенттігі.

Азаматтық кодекстің 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 20 желтоқсанда Adal саяси партиясы ресми түрде қызметін тоқтатқаны туралы құжат тіркелген. Мұндай шешімге партияның 2022 жылғы 17 наурызда өткен кезектен тыс съез бен "AMANAT" партиясының 2022 жылғы 26 сәуірде өткен кезектен тыс ХХІІІ съезіндегі шешім негіз болған. Осылайша, Adal партиясы толықтай AMANAT партиясының құрамына өтті.

"Әділет" және "Руханият" партияларының бірігуі нәтижесінде құрылған партия тіркелген 2013 жылғы 26 сәуірде "Бірлік" деген атпен тіркелген.

2021 жылғы парламент сайлауы қарсаңында партия ребрендинг жасап, "Adal" деген атты алды. Сайлау компаниясы кезінде журналист Мақсат Толықбай, блогер Дәулет Мұқаев секілді елге белгілі адамдарды қатарына тартып, үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізген.

Алайда сайлау нәтижесі бойынша мәжіліске өтуге мүмкіндік беретін 7 пайызды жинай алмай, парламентке өкілін жібере алмады.

Партияның бет-бейнесіндей болып кеткен Мақсат Толықбай партия келесі сайлауға дейін қалың ұйқыға кететін партия болмайды, жұмысы жандана береді деген сыңайда пікір білдіргенімен, биыл наурыз айында партия саяси кеңесі AMANAT-қа қосылатынын мәлім етті.

"Adal партиясының бүгінгі күнге дейінгі тың идеялары мен заманауи технологиялық көзқарастары Президентімізге салмақты қолдау бола алады деп есептейміз. Кез келген өзгерісте сабырлы қалпымен салмақты шешім қабылдайтын Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс стилі бізге ұнайды. Ол қазір әділетті мемлекет құруды көздеп отыр. Мемлекет басшысының бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтқан саяси реформалары соның тағы бір дәлелі. Бірақ бұл айтылған реформалар қалай жүзеге асырылады? Мәселе осында. Ол үшін бүкіл қазақ қоғамы бірігуі қажет. Президент реформаларының жергілікте жерде тиісті деңгейде іске асырылмай қалу қауіпі жоғары. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан «Достарға – бәрін, қалғанына заң бойынша» деген қағидамен келген қоғамның өткенін ұмытпауымыз керек. Сол үшін, біз, адалдықтар Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысып, еліміздегі оң өзгеріске үлес қосқымыз келеді. Партияластарымызбен ақылдаса келе, Adal-дың Саяси кеңесінде президенттік Amanat партиясына қосылу туралы бірауыздан шешім қабылдадық" деген болатын адалдықтар.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Adal партиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір