• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:23:17
Алматы
+12°

18 Қазан, 2024 NEWS

Жыл соңында Ұлттық қор қаржысы тағы 2 триллион теңгеге азаяды

Ұлттық қор қаржысы 2024 жылдың соңына дейін тағы 2 триллион теңгеге азаяды. Үкімет қор бюджетін нысаналы трансфертке жұмсамақ.

Көрнекі сурет

Қазақстандық шенеуніктер Ұлттық қор қаражатын өңірлердегі инфрақұрылымды жақсартуға бағытталатынын айтады. Мысалы, ұлттық экономика министрінің айтуынша, ақша облыстарды дамытуға құйылған соң экономикалық өсім болады. Сондай-ақ қор қаражаты мұнай өндірісі есебінен үздіксіз толықтырылып тұрады екен.

“Қазір Ұлттық қор тікелей өз қызметін атқарып жатыр. Яғни, ахуалды тұрақтандырып отыр. Сондықтан, біз осы мүмкіндікті пайдаландық. Себебі, біз де өңірлердегі мәселелерді реттеп, міндеттемелерімізді жабуымыз қажет. Ал бюджет түсімі мен кірісін тұрақтандыру үшін екі жылдай уақыт керек. Осы 2-3 жылда жағдайды тұрақтандыруға тырысамыз. Осылайша, 2026-2027 жылдары Ұлттық қордан нысаналы трансферттер тартылмайды”, – дейді Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Шенеуніктер бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланғандықтан, Ұлттық қордан қаржы алуға мәжбүр екенін айтады. Яғни, қаражаттың 60%-ы денсаулық сақтау, жұмыспен қамту секілді секторларды қаржыландыруға, әлеуметтік төлемдерді өтеуге кетеді. Ал даму бюджеті небәрі тек 10%, яғни екі триллион теңге.

Мысалы, соңғы үш жылда республикалық бюджет шығыны 9 триллион теңгеге өскен. Себебі, жыл сайын шәкіртақы, зейнетақы секілді төлемдердің мәні өзгереді. Ол қосымша шығынның мөлшері 1 тирллионға тең. Осы аралықтағы табысы 5 триллион теңгеге артқан. Қаржы министрі қор қаржысы дәл осы мәселені шешу үшін қажет болғанын айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлттық қор бюджет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір