• USD 465.38

  • EUR 483.58

  • RUB 7.69

  • CNY 64.95

26 Қараша, 22:40:49
Алматы
-6°
 
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы балалары болса, әр балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш (4594,5 теңге) көлемінде төлем тағайындалатын болады. Бұл туралы қоғам талқысына ұсынылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілгелі отырған  атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы қағидалар жобасында айтылады.
 
Ал атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеуде өзгеріс жоқ. Отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу мерзімі аяқталған жағдайда қосымша төлем де тоқтатылады.
 
Құжат жобасын 25 қарашаға дейін талқылауға болады.
 
Бүгінде табысы аз отбасының әр мүшесіне 20 789 теңгеден атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Оны үкімет бекеткен формулаға сай кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқан отбасылар алады. Ол үшін табысы аз отбасының айлық кірісі отбасы мүшелерінің әрқайсысына шаққанда ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 70 пайызынан (25 212 теңге) аспауы керек. Бұдан бөлек АӘК тағайындаудың негізгі шарттарының бірі отбасындағы еңбекке қабілетті адам ұсынылған жұмыстан бас тартпауы қажет. бас тартса, АӘК тоқтатылады.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АСП

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір