• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 02:26:38
Алматы
+35°

"АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі апат кезінде қаза тапқан жұмысшылар аты-жөні белгілі болды. Қаралы тізімді Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады.

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 8 жыл. Марқұмның артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы бар.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 13 жыл. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі – екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына тиесілі кеніштердегі жарылыстардан соңғы 16 жылда 100-ге жуық кенші қаза тапқан.

Бүгін "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде апат болып, 5 адам қаза тапқан. Апатқа байланысты үкіметтік комиссяи құрылды. Оған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жетекшілік етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір