• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:48:48
Алматы
+12°

12 қазанда Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстанның әйелдер күштері Альянсының Саясаткер әйелдер клубы мен Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің таныстырылымы өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында 49 депутаттың 10-ы әйел депутат, яғни 20% құрайды, Мәжілістегі әйелдердің саны 24% – 107 депутаттың 26-сы әйел. 16 министрдің ішінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарын тек 2 әйел басқарады. Толық және тиімді қатысуды және әйелдердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің қатысуын 30%-ға дейін арттыру қажет. Әйелдердің саяси өмірге және шешім қабылдауға қатысуын арттыру Қазақстандағы гендерлік теңдік пен тұрақты дамуға қол жеткізудің негізі болып табылады.

Қатысушылардың айтуынша сайлау алдындағы кезеңде сайлауға қатысатын әйелдерге кәсіби дайындық, белгілі бір дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеру, саяси жүйенің техникалық және формальды аспектілерін зерделеу қажет.

Осыған байланысты Қазақстанның әйелдер күштері альянсы бүкіл Қазақстан бойынша саясаткер әйелдер клубтарының жұмысын жандандырып, әйелдердің саяси көшбасшылығы мектептерін ашуда.

Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебі мен саясаткер әйелдер клубының мақсаты – Қазақстандағы жетекші әйел саясаткерлердің тәжірибесіне сүйене отырып, әйелдерді басқару және бәсекеге түсу қабілеттілігін арттыру және үйрету арқылы әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға елеулі үлес қосу болып табылады.

Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебінің міндеттері:

  1. Әйелдердің қоғамдық-саяси, заң шығару жұмыстарына, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен атқарушы билік органдарына ұсыну үшін кадрлық резервін қалыптастыру;
  2. Оқытудың тиімді бағдарламасын құру;
  3. Жетекші әйел саясаткерлермен тәлімгерлік бағдарламасына қатысу.

Саясаткер әйелдер клубының міндеттері:

  1. Әйелдердің мемлекеттік және қоғамдық-саяси жұмысқа ұсыну үшін кадрлық резервін қалыптастыру;
  2. Әйелдердің көшбасшылық мектептерінің жұмысын ұйымдастыру;
  3. Өлкенің тарихи тұлғалары арасынан басшы әйелдерді танымал ету.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір