• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:54:40
Алматы
+12°
Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада кезектен тыс өтетін президент сайлауына Қарақат Әбденді кандидат ретінде тіркеу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің сайты.

"Орталық сайлау комиссиясының 11 қазандағы қаулысымен кандидатураның заң талаптарына сәйкес келетіндігі анықталды. Үміткерге азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидатты қолдаған еліміздің 15 өңірінен 121 314 азаматтың қолы жиналды. Оның ішінде 120 158 қол тексеріліп, 118 418-і сенімді деп танылды" деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы қаулыны дауысқа салып, бірауыздан оң шешім қабылданған.

Үміткер кандидатурасын  "Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы" ұсынған.

Қарақат Әбден 48 жаста. Ақмола облысында дүниеге келген. Салық комитетінің орталық аппаратында, президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі. 2013 жылдан бері "Қазақ қызы" қоғамдық бірлестігін басқарады. "Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!" атты кітап авторы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір