• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:34:30
Алматы
+35°
 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өмірзақ Шөкеев "Кентау әкімінің қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын" деген болатын. Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Шөкеевтің отставкаға өтініш бергенін растады. Ал, негізгі шешімді Президент қабылдайтын болады.

Биылғы 23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген болатын. Ол өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қаладағы автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ долларын (42 млн 500 мың теңге) алды деген айыппен 10 жылға сотталған болатын. Ал, кешегі күні Алматы қалалық соты сотталушының апелляциялық шағымын қарап, оны қанағаттандырусыз қалдырған.

Дереккөз: inform.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Өмірзақ Шөкеев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір