• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:28:07
Алматы
+35°

Венгрияда синоптиктердің елдегі мемлекеттік деңгейде атап өтілетін Әулие Иштван күніне арналған болжамы сәйкес келмей қалып, метеорологиялық қызмет басшысы жұмысынан алынған. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Әулие Иштван күні өткен сенбіде ел астанасы Будапештте мерекеленуі керек болған. Әулие Иштван билікті орталықтандырған, Венгрияны христиан мемлекетіне айналдырған және елдің негізін қалаушы болып саналады.

Мерекені тойлау барысында ұйымдастырушылар Еуропадағы ең үлкен от шашу жасауды жоспарлап, 40 мың фейерверк сатып алған. Фейерверктер  Дунай өзенінің бойын жағалай 240 жерге орнатылады. Ерекше көріністі 2 миллионға жуық адам тамашалайды деп жоспарлаған.

Ауқымды іс-шараға жеті сағат қалғанда метеорлар үкіметке ел астанасына нөсер келе жатқанын ескертіп, жедел хабарлама жолдайды. Ел үкіметі синоптиктердің сөзінен кейін іс-шараны амалсыз кейінге қалдырады.

Алайда синоптиктер болжағандай, ел астанасына нөсер тұрмақ, бір тамшы да жаумайды. Ауа райын болжау қызметіндегілер мерекенің шырқы бұзылғаны үшін кешірім сұрап, ауа райының ықтималдығы аса төмен сценарийі болғанын, мұндай жағдай кездесіп тұратынын жеткізгенімен, Инновациялар және технологиялар министрі Ласло Палкович ведомствоға қарасты метеоқызмет бастығы мен оның орынбасарын қызметінен алды.

Бұны венгрлер түрліше қабылдап жатыр. Кейбіреулер Үкімет метеорологтарды жұмыстан шығарғанын құптамаса, басқалары синоптиктердің қателігіне ашуланып, шешімді жақтайтындай. Атаулы күнді мерекелеу 27 тамызға жоспарланып отыр. Венгрлер от шашу сол күні міндетті түрде болады деп үміттеніп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір