• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:40:38
Алматы
+35°

Жоғары сот белгілі қазақстандық журналистер Сейтқазы және Әсет Матаевтарды толығымен ақтады, деп хабарлады КазТаг агенттігі. 

Жоғары сот сейсенбі күнгі отырыста Астана қаласы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы Сейтқазы және Әсет Матаевтарға қатысты үкімінің күшін жойды. Өз шешімін оқыған судья Матаевтардың ақталғанын түсіндірді. Сонымен қатар олар қылмыстық процесті жүргізген органдардың әрекетінен келтірілген шығынды өндіріп ала алады.

Матаевтар 2016 жылы сотталған. Қылмыстық іс КазТАГ ақпарат агенттігін тартып алу мақсатымен ұйымдастырылған. Олардың ісін қазақстандық және шетелдік құқыққорғаушылар саяси астары бар деп таныған. Айыптаудың бір тармағы да дәлелденбегеніне қарамастан, сот айыптау үкімін шығарған. Матаевтарды тапсырыспен қудалауға қатысушылардың бірде-бірі әлі күнге дейін жазаға тартылмады. Ақталғаннан кейін бұл отбасыға тиесілі тәркіленген дүние-мүліктер түгел қайтарылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір