• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:30:41
Алматы
+35°

Қалған қорды өз аумақтарын газдандыруға бағыттау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ брифингінде мәлім етті

Журналистер әкімнен облыстың елді мекендерін газдандыру мүмкіндігі туралы сұрады. Олардың мәліметтері бойынша 2020 жылы Зайсан газының 95% Қытайға экспортталған. Даниал Ахметов атап өткендей, бүгінгі таңда жеткізілімдер тоқтатылды.

– Халықаралық келісімшартқа 1995 жылдың ортасында қол қойылған. Ол іс жүзінде орындалды. Бүгінде бұл кен орнында 328 миллион текше метр газ қалады. Менің жеке ұстанымым бойынша бұл газды халық үшін сақтау керек Біз осы бағытта ұстап тұрамыз. Бүгінде 75 млн текше метр газ экспорты тоқтатылды, қалған – 320 млн газ бізге шамамен 11 жылға жетуі тиіс, – деп атап өтті Даниал Ахметов

Сондай-ақ өңір басшысы іздестіру аумақтарын кеңейту жоспарларын бөлісті, өйткені Зайсан ауданына жақын орналасқан елді мекендер де газдандыруды қажет етеді.

– Барлау қорытындысын күтеміз. Кемі, халық үшін көлем қалдырып қойдық. Барлау газдың мол қорын тауып жатса, газификацияны кеңейтеміз, – деді Даниал Ахметов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО газдандыру

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір