• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:05:21
Алматы
+35°

ШҚО әкімі Даниал Ахметов бастамасымен энергетика министрлігі бірнеше апта бұрын «Tarbagatay Munay» кәсіпорнына қатысты тексеруді бастаған болатын.

Естеріңізге салсақ, компания егер оларға Қытайға газ экспорттауға тыйым салынса, аудан елді мекендерін көгілдір отыннан ажырататыны туралы мәлімдеген, осыдан кейін Зайсан ауданының тұрғындары наразылық білдірген еді.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы
«Tarbagatay Munay» ұсынған ультиматумды облыс басшылығы шантажға балады. Олар энергетика министрлігіне жүгініп, жағдайдың шынайы мәнін тексеруді өтінді. Тексеру аяқталғанға дейін Қытайға газ жеткізу тоқтатылды. Бүгінде нәтижелерді айтуға болады, жаңа елді мекендердің жүйеге қосылуын ескере отырып, ауданды жабдықтау үшін газ лимиті анықталды. Бұл көрсеткіш – 325 миллион текше метр, ол 10 жыл үздіксіз қамтуға жеткілікті. Ал экспорт көлемі – 70 миллион текше метр.

– Сіздер барлауды жалғастыруларыңыз керек, сәйкесінше болжамды қорлар да көбеюі керек, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов «Tarbagatay Munay» өкілдерімен кездесуде.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

– Бұл ретте халық өздеріне тиесілі көлем өзгеріссіз қалатынын білуі тиіс, ол – 325 миллион текше метр. Міне, біздің уағдаластық – осы. Егер сіздер осымен келіссеңіздер, бұл мәселе сындарлы шешіледі, – деді ол.

Компания өкілдері мұнай кен орнын игеруді бастағандарын, қосымша газ Зайсан ауданын қамту мерзімін 10 жылдан 30 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Ал экспорттан түскен қаржы нақ осы мақсатқа жұмсалмақ. Олар, сондай-ақ, тұрғындар үшін газ бағасының көтерілмейтінін атап өтті. Өз кезегінде облыс әкімі аудандағы елді мекендерді одан әрі газдандыру бойынша барлық міндеттер орындалатынын қадап айтты.

ШҚО Ақпарат орталығы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО газдандыру

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір