• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:17:42
Алматы
+35°

Түркия 1 маусымнан бастап шекара бекеттері арқылы кіретін адамдардан ПТР тест талап етпейді. Бұл туралы түркиялық Hurriyet сайты хабарлады. 

Қазірдің өзінде Түркиядағы қоғамдық орындарда медициналық маска кию талабы алынып тасталған. Жергілікті билік коронавирусқа байланысты соңғы деректерді сараптай отырып осындай шешім шығарған. 

"Коронавирус пандемиясына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, 1 маусымнан бастап елге шекара бекеттері арқылы кіру үшін 72 сағат бұрын тапсырылатын ПТР-тестің немесе 48 сағат бұрын антигенге тапсырылатын экспресс-тестің нәтижесі талап етілмейді" делінген ресми хабарламада. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір