• USD 470.9

  • EUR 496.94

  • RUB 8.83

  • CNY 70.33

27 Маусым, 10:47:16
Алматы
+25°

Сәуір айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы жаһандық қаржы нарықтарындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан 1 доллар үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

 

"Сәуір айында шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай төмендегені байқалды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,9 млрд АҚШ доллары болған кезде сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 179 млн АҚШ долларынан 92 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Ішкі валюта нарығында ахуалдың тұрақтануы аясында Ұлттық Банк сәуірде валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату операцияларын жүргізген жоқ" делінген ақпараттық хабарламада.

 

Ұлттық банк қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылуы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болатынын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір