• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 17:26:40
Алматы
+9°

"Amanat" партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтіп жатыр.

Оның барысында президент Қ.Тоқаев "Amanat" партиясының төрағасы өкілетін тоқтатып, партия қатарынан шығатынын мәлім етті. Орнына мәжіліс спикері Ерлан Қошановты ұсынып, оның кандидатурасы мақұлданды.

Қ.Тоқаев биылғы жолдауында президент ешқандай партия мүшесі болмауға тиіс екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ съезд барысында "Adal" партиясы "Amanat" партиясының қатарына қосылып,  "Amanat" партиясының саяси кеңесі экс-адалдықтар Эльдар Жұмағазиев, Мақсат Толықбай және Дәулет Мұқаевпен толықты.

"Adal" 2020 жылғы қарашада атауы өзгерген бұрынғы "Бірлік" партиясы. 2013 жылы тіркелген. Елдегі ресми тіркелген 6 партияның бірі. Партия мүшелері "Ребрендинг" себебін "әділдікті талап етушілер көбейді" деп түсіндірген. Партия соңғы парламент сайлауында парламентке өтуге мүмкіндік беретін табалдырық – 7 пайыз дауысты жинай алмаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір