Фото: ВВС
ВВС Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған санкциялар салынып жатқанда ресейлік мектептерде санкциялардың пайдасы туралы пропаганда жүріп жатқанын хабарлады.
Наурыз айының соңынан бері ресейлік мектептерде қоғамтану сабағында оқушыларға санкцияның экономиканы жаңғыртуға тигізер пайдасы, импорттан арылуға әсері туралы видеодәрістер көрсетіліп бастаған.
ВВС-ге пікір білдірген Чикаго университетінің профессоры, экономист Константин Сонин Ресей санкцияға ілінбей тұрып экономикасын импортсыздандыруға тырысқанда олардың айтқандарын ақтауға болатынын, қазіргі келтіріп отырған аргументтері мен видеодәрістердегі деректер нақты емес екенін, оған сену қиын екенін айтады.
– Елестетіп көріңізші. Сіз денсаулығыңызға көңіл бөлмейсіз, артық салмағыңыз бар, тайып аяғыңызды сындырып алдыңыз. Енді дұрыс тамақтанып, тренажерлік залға барып, сол арқылы күшті болғыңыз келеді. Тіпті солай істедіңіз делік. Енді "аяғымды сындырып алғаным қандай жақсы болды" деп айтар ма едіңіз? Мүмкін айтарсыз. Бірақ аяғыңызды сындырмай тұрып, дұрыс тамақтанып, тренажерлік залға барған болсаңыз, аяқ та сау, денсаулық та мықты болар еді, – деп Ресейдің айтып жатқан уәжін түсіндіруге тырысқан экономист ендігі уақытта Ресейге кірмей қалған тауарлардың орнын, бұрын нарықта болған, бірақ сапасының төмендігіне байланысты көпшілік тұтынбаған тауарлар басатынын атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір