• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:30:10
Алматы
+35°

Орталық коммуникациялар қызметінде "Екінші республика. ҚР Президентінің өкілеттілігі қалай өзгереді" тақырыбымен баспасөз жиыны өтіп, әділет министрі Қанат Мусин президент Қасым-жомат Тоқаевтың биылғы жолдауда айтқан президенттің жақын туыстарына саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік құрылымдарды басқаруға тыйым салу туралы тапсырмасы қалай жүзеге асырылатынын хабарлады.

Министрдің айтуынша, заңнама бойынша жақын туыстар ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес, ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгіленген.

Бұдан бөлек президент жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі айқындалып, оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар жатқызылған. Бұған мемлекеттік қатысы бар квазимемлекеттік ұйымдар да осы санатқа кіреді. Яғни, заң күшіне енген соң президенттің ағасы, әпкесі, балалары "Самұрық Қазына", "Бәйтерек" сияқты ұйымдарда басшылық қызметтер атқара алмайды.

Президент биылғы жолдауында суперпрезиденттік жүйеден бас тарту мәселесін көтеріп, төмендегідей ұсыныстарды жариялаған:

♦ Президенттің партияға мүше болуына заң жүзінде тыйым салу;

♦ Орталық сайлау комиссиясы төрағасы мен мүшелері, есеп комитеті, конституциялық кеңес мүшелері партия құрамынан шығуға тиіс;

♦ Әкімдерге партия филиалдарын басқаруға тыйым салу;

♦ Президенттің жақын туыстарына саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік құрылымдарды басқаруға тыйым салынуға тиіс. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір