• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:33:18
Алматы
+35°

Сәуір айының 13 жұлдызында Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Əл-Фараби ғылыми кітапханасында «Мағрипа Жылқыбаева - Алтын адамның күміс зереншедегі 26 таңбасының құпиясын ашқан ғалым» деп аталатын дөңгелек үстел-конференция өтті. ЖОО мен ғылыми институттардың профессор-оқытушылары қатысқан алқалы жиында ғалымның «Алтын адамның аманаты», «Алтын адамның мұрасы» және «Құпия күштер құдіреті» деп аталатын кітаптары туралы баяндамалар жасалды.

Мағрипа Жылқыбаева - кванттық физика арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қорғандағы Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасаған жаратылыстанушы ғалым. Алтын адамдардың Планеталық деңгейдегі ерекшелігін зерттеу арқылы Сақ қорғандар мен Көк Түрік пирамидаларының құпиясын ашқан қазақтан шыққан тұңғыш оқымысты.

Фото автордікі

Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын зерттеушілер бұған дейін де болған. Бірақ күміс зереншеге бедерленген 26 таңбаның әлемдік деңгейдегі маңызы зор мұра екендігін ғылыми тұрғыда дәлелдеген ғалым біреу. Ол – Мағрипа Жылқыбаева. Алтын адам таңбаларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан әлемдегі тұңғыш физик. Шараны жүргізген қаламгер Болат Шарахымбай осы туралы кеңінен толғады.

Есік қорғанынан табылған Алтын адамның құпиясын ашу үшін ғалым отыз жыл уақытын сарп еткендігін, адамзат баласы үшін аса құнды мәліметтердің бәрін Алтын адамның жанынан шыққан күміс зереншедегі жазудан алғанын, көне жазудың сырын ашуда мұншама көп ғылыми тәсілдерді бір ортаға жұмылдырып зерттеу амалдары оған дейін бір де бір рет тәжірибеден өтпегендігін атап айтты. «Мағрипа Жылқыбаева жазудың құпиясын физикалық-математикалық әдіспен терең зерттеп, оқыған әлемдегі тұңғыш ғалым болатыны сол себептен» деді Болат Жұмынұлы.

Жиында сөз алған «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Айтқұл Хамит артына мол мұра қалдырған Мағрипа Жылқыбаева еңбектерінің еліміз үшін ерекше екендігін атап өтті. Сондай-ақ профессор Гүлзия Пірәлиева (М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты), А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжиһан Көбденова  Алтын адам мұрасына өмірін арнаған ғалым еңбектерінің ғылыми маңыздылығына тоқталды. «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы кезінде Мағрипа Шөжеғұлқызымен кездескенде естіген тарихи-танымдық әңгімелерін еске алып, естеліктерімен бөлісті. Қаламгер Кәдірбек Құныпияұлы ел-жер тарихын тануда ғалым еңбектерін зерделеп оқу қажеттігін айтты. Шара барысында Мағрипа Шөжеғұлқызының ғылыми мұрасына арналған көрме өткізілді.

Фото автордікі

Әл-Фараби атындағы кітапхана – ЖОО-ның негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Қазіргі уақытта ол оқу процесін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. ЖОО-ның ғылыми және білім беру қызметіне белсенді қатысады.

Кітапхана – рухани-мәдени орталық. Кітапханамызды мәдениет пен тәрбие мекеніне айналдыруда әл-Фараби кітапханасы өлшеусіз үлес қосуда. Кітапханамыздың даму қарқыны жақсаруда, жас буынды тәрбиелеу жолдарына – жалпы адамзаттық құндылықтарға,  ұлттық патриотизмді жаңғырту, рухани баю, адамды құрметтеу, тұлғаны тану, халқымыздың адамзат көшінде лайықты орын алу сияқты мәселелерге көңіл бөліп, әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Әл-Фараби кітапханасының Ақпараттық қызмет басқармасының ұйымдастыруымен Абай атындағы конференция залында өткен физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның мұрасын насихаттауға арналған шара барысында оқырмандар да ортаға шығып, өз пікірлерін ортаға салды.

Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуының құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан Мағрипа Шөжеғұлқызы – Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Физика саласы бойынша бірнеше ғылыми еңбектің авторы. Ғылым мен көркем әдеби шығармашылықты қатар алып жүрген ғалым еді.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша көпшілікке арналған зерттеу мақалалары мен әдебиет саласындағы дүниелері әр жылдары республикалық және халықаралық басылым беттерінде жарияланған. Өкінішке орай ғалым ортамызда жоқ, 2019 жылы дүниеден қайтты. Бірақ артында мұрасын жалғастырушы, насихаттаушылары бар.

Ақмарал Жаманкөзева

Әл-Фараби атындағы кітапхананың

Ақпараттық қызмет

Басқармасының басшысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір