• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:44:43
Алматы
+35°

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылында екінші ұлының қолында тұратын Каматан Тоқтамұратқызы кенше баласы, 2021 жылғы шілдеде Қытай полициясы тұтқындап алып кеткен Ғарапа Насиоллаұлынан 8 айдан бері хабар ала алмай жүр.

Ғарапа Насиоллаұлы Қытайдағы Шыңжаң өлкесіне танымал әнші, композитор. Мамандығы әдебиетші мұғалім.

Каматан Тоқтамұратқызы ұлы 2018 жылдың қыркүйек айынан бері Гуаң дұң өлкесінің Жиаң миң қаласындағы Шынжаң класының тәрбиешісі болып қызмет атқарғанын, былтырғы шілде айынан бері сегіз айдан астам уақыт бойы ұлы туралы ешқандай хабар алмағанын айтады.

Баласын қайда әкеткені, не күйде екені, қайда қамалғаны, нендей үкім шыққаны былай тұрсын, ешкім көрмеген, ешкім білмейді.

 

"Тіпті, өлі ме, тірі ме біле алмай, ойлай-ойлай менің де денсаулығым сыр бере бастады. Мен халықаралық адам құқықтары туралы құжаттарды негізге ала отырып, баламның жазықсыз жазаланбауын, тезден бостандыққа шығарылуын, отбасына оралуын, үш жасар ұлына қауышуын сұраймын" деген қарт ана ҚХР Қазақстандағы Елшілігінен көмек сұрайды.

 

KazUnite.com сайтының мәліметінші, Ғарапа Насиоллаұлы Бейжіңдегі Ұлттар университетінің Қазақ тілі және әдебиеті факультетін тәмәмдап, 2012 жылдан бері Санжы қаласындағы облыстық №2 орта мектебінің әдебиет пәнінен сабақ берген. 2018 жылдың қыркүйегінде билік оны Қытайдың Гуаң дұң (Guang dong) деп аталатын ішкі өлкесіндегі Жиаңмын (Jiangmen) қаласына жібереді. Сонда Шыңжаңдағы аз санды ұлттардың үздік оқушыларын жинап алып, қытайша оқытып, тәрбиелейтін мектепке тәрбиеші-ұстаз етіп жібереді.

Бала жастан өлең, ән жазатын Ғарапа Насиоллаұлы WeChat әлеуметтік желісінде Suley деген атпен блог жүргізген. Онда әдебиет, тарих, мәдениет, музыка тақырыбында жазбаларды жариялап отырған. Ол жерде қазақтың ұлттық өнері мен әдебиеті ғана емес, Қытайдың классикалық әдебиеті жайында да жазылып тұрған. Ғарапа ол блогында 2400-ден аса шығарма жариялаған. Сонымен бірге екі рет қазақ композиторлары мен әншілері қатысқан ірі көлемді ән байқауын, бір рет ақындардың жыр мүшәйрасын өткізген. Бірақ олардың ешқандай да саяси мақсаты да, мағынасы да болмаған.

Басылым Ғарапа Насиоллаұлының үстінен 3 іс қаралып жатқанын жазды. Соның ішіндегі ең ауыр іс бойынша 3-5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қалған екі іс бойынша қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз. Бұл қандай істер екені де ашылып айтылмаған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір