• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 17:29:59
Алматы
+9°
Adal партиясының Саяси кеңесі Amanat партиясына қосылу туралы бірауыздан шешім қабылдағанын мәлім етті.
 
Партия мәлімдемесінде бүгінгідей аумалы-төкпелі кезең жылдам бейімделуді қажет ететіні айтылып, "сыртқы саясаттағы қауіп-қатердің кезінде, кей мәселелерге қатысты пікір қайшылығын қойып, "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып", бірге қадам жасайтын кезең туды" делінген.
Фото: Adal партиясының facebook парақшасынан
 
"Adal партиясының бүгінгі күнге дейінгі тың идеялары мен заманауи технологиялық көзқарастары Президентімізге салмақты қолдау бола алады деп есептейміз. Кез келген өзгерісте сабырлы қалпымен салмақты шешім қабылдайтын Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс стилі бізге ұнайды. Ол қазір әділетті мемлекет құруды көздеп отыр. Мемлекет басшысының бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтқан саяси реформалары соның тағы бір дәлелі. Бірақ бұл айтылған реформалар қалай жүзеге асырылады? Мәселе осында. Ол үшін бүкіл қазақ қоғамы бірігуі қажет. Президент реформаларының жергілікте жерде тиісті деңгейде іске асырылмай қалу қауіпі жоғары. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан «Достарға – бәрін, қалғанына заң бойынша» деген қағидамен келген қоғамның өткенін ұмытпауымыз керек. Сол үшін, біз, адалдықтар Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысып, еліміздегі оң өзгеріске үлес қосқымыз келеді. Партияластарымызбен ақылдаса келе, бүгін Adal-дың Саяси кеңесінде президенттік Amanat партиясына қосылу туралы бірауыздан шешім қабылдадық" дейді адалдықтар.
Фото: Adal партиясының facebook парақшасынан

"Адал" 2020 жылғы қарашада атауы өзгерген бұрынғы "Бірлік" партиясы. 2013 жылы тіркелген. Елдегі ресми тіркелген 6 партияның бірі. Партия мүшелері "Ребрендинг" себебін "әділдікті талап етушілер көбейді" деп түсіндірген. Партия соңғы парламент сайлауы қарсаңында қатарына журналист Мақсат Толықбай, блогер, қаржы саласының маманы Дәулет Мұқаев сияқты есімі белгілі жаңа адамдар қосып, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізген. Алайда сайлауда 7 пайыз дауыс жинай алмай, парламентке өте алмаған. Сайлаудан кейін партия белсенділігін бәсеңдетіп, соңғы уақытта мүлде көрінбей кеткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Adal партиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір