• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 22:13:41
Алматы
+35°

Бақыт Сұлтанов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін аталған қызметті премьер-министр Әлихан Смайылов атқарған.

"Даму" қоры – мемлекеттік бағдарламалар бойынша бизнеске қолдау көрсететін қаржы агенті.

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

1994 жылы Қаржы министрлігінде қаржы нарығының бағалы қағаздары басқармасының акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болған.

1995 жылдан бастап Қаржы министрлігінде бөлім бастығы, 1996 жылы басқарма бастығының орынбасары болды.

1997 жылы бюджеттік департамент директорының орынбасары қызметін атқарған.

2003-2006 жылдары – экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2006-2007 жылдары – статистика агенттігінің төрағасы.

2007 жылғы 10 тамыздан бастап экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2010 жылы президенттің көмекшісі болып тағайындалды.

2012-2013 жылдары – президент әкімшілігі басшысының орынбасары.

2013-2018 жылдары – премьер-министрдің орынбасары және қаржы министрі. 

2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бақыт Сұлтанов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір