• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 04:49:34
Алматы
+35°

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "Омикрон" штамы Қазақстанға келетінінен қашып құтылу мүмкін еместігін айтты. Бұл туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жеткізді.

Қаланың бас санитары алматылықтарды адамдар көп жиналатын орындарға, банкеттерге бармауға, мерекені отбасында атап өтуге шақырды.

– Жаңа жылдық мерекелер коронавирустың таралуына себеп болмауы керек, – дейді ол.

Бекшин мегаполисте ұжымдық иммунитеттің деңгейі 58,4 пайызды құрайтынын айтып, адамдар вакцина салдырмайынша, мегаполисте мутацияланған штаммдардың пайда болу қаупі артатынын атап өтті.

Оның болжауынша, Алматыда "Омикрон" штамының кезекті толқыны басталуы ықтимал.

– "2022 жылдың қаңтар айының ортасында "Омикрон" штамы болады деп күтілуде. Бесінші толқын осы жылдың наурыз айының ортасында шарықтау шегіне жетеді, – деді ол.

Бекшин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерін негізге ала отырырып, эпидемияға қарсы шаралар мен тұрғындарды ревакцинациялауды жеделдету қажет екенін айтты.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

 

– Тәулігіне 30-35 адам коронавирус инфекциясымен тіркеліп жатыр. Бірақ бұл – босаңсуға себеп емес. "Омикрон" коронавирустың жаңа штаммы. Инфекция бүкіл әлемде тез таралуда және қазірдің өзінде әлемнің 106 елінде, тіпті ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейі тіркелген жерде де анықталған. Бұл инфекция вакцинацияның толық курсын өтуді қажет етеді, – деді Бекшин.

Бас санитар дәрігер шетелден келетіндерге қатысты алдын алу шаралары күшейтілгенін атап өтті. Оның сөзінше, Алматыға 3-20 желтоқсан аралығында 50 мыңға жуық жолаушы келген. Оның ішінде ПТР анықтамалары бары – 29,7 мың, вакцинация паспорты бар – 20 мың. Оның ішінде "омикрон" штаммы тіркелген елдерден 2300 жолаушы келген.

 

– Келген барлық азаматтар бір апталық оқшаулануға және медициналық бақылауға жіберілді. Олардың ішінде КВИ-мен ауыратын 5 науқас анықталды. Олар инфекциялық стационарға оқшауланды. Жолаушылардың шамамен 90 пайызы Германия, Египет және Ұлыбританиядан келді, – деді ол.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қаңтар айында коронавирусқа байланысты пессимистік сценарии орнауы мүмкін екенін ескерткен. Оған сай қаңтарда күніне 3 мыңдай адам індет жұқтыруы ықтимал.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір