• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:01:47
Алматы
+35°

Руслан Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

"Президенттің өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы қызметінен босатылды" делінген хабарламада.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелен қаласында туған.

1996 жылы Фрунзе атындағы Әскери академияны командалық-штабтық жедел-тактикалық әскери барлау мамандығын тәмәмдаған. 

2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын бітірген. Мамандығы – мемлекеттің әскери қауіпсіздігі.

2003 жылы Шымкент қалалық мәслихатының үшінші шақырылымының депутаты болып сайланды.

1987 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ взвод командирінен Ішкі әскерлер құрама командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006-2007 жылдары ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары, 2007-2008 жылдары Қазақстан ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары-Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы болған.

Әскери атағы – генерал-лейтенант.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Руслан Жақсылықов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір