• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:45:20
Алматы
+35°

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

– Ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен өз еркіммен кеттім. Басшылар отставкаға қол қойды. Ешкімге өкпе жоқ. 2,5 жыл жұмылып еңбек еттік. Командада тәжірибелі бапкерлер де, ысылған боксшылар да болды. Қолымыздан келгенін істедік. Ешкімнің желкесінен сүйреп, чемпион қылғам жоқ. Іріктеуден елдегі ең мықты деген боксшылар өтті. Олимпиадаға неге бармай қалғандарын ол жігіттер жақсы біледі, адам өз кемшілігін мойындап үйренгені дұрыс.

Біздің қалауымыз бола бермейтінін олимпиада көрсетті. Ең бір өкінетін тұсым – Сабырхан Махмұдқа мүмкіндік бере алмағаным. Бірақ, Сабырхан секілді жігіттер асыл тас секілді, су түбінде көп жатпайды, бағы жанса, халықаралық рингте қазаққа әлі талай жүлде сыйлайды. Мен Махмұдқа шын көңіліммен тілектеспін. Еліміз аман болсын. Қазақ боксына сәттілік тілеймін, – деді Ғ. Кенжебаев.

Ғалымбек Кенжебаев ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне 2018 жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын.

Токио олимпиадасында қазақстандық боксшылардың бірде-бірі финалға шыға алған жоқ. Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов қола жүлде иеленсе, қалған 6 боксшы жартылай финалға жетпей жеңіліп қалды. Осылайша отандық былғары қолғап шеберлері тәуелсіздік алған жылдан бері алғаш рет елге алтын медальсіз оралды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір