• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 06:01:40
Алматы
+35°

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қазақстандықтар мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыс кезінде қаза болғандарға байланысты көңіл айтты. 

"Адам өліміне әкеліп соққан жарылыс туралы хабарды естігенде қабырғам қайысты. Қырғыз Республикасы және өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Апат салдарынан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз. Қайғыларыңызға ортақпыз" деп жазылған Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында.

26 тамызда Жамбыл облысының әскери бөліміндегі оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болып, бес адам қаза тапқан.

Ауруханаға 90-ға жуық адам түсті, оның 49-ы – төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері. ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен ақпаратқа сәйкес "Жамбыл облысында (Байзақ ауданы) зардап шеккендердің арасында балалар жоқ" деп мәлемдеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір