• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 22:11:15
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылғанын хабарлады.

– Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Осы ретте құжат қабылдау мерзімін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранттарының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді, – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Бұған дейін ЖОО-ға құжат қабылдау 25 тамызда аяқталуға тиіс болған.

Білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.

Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір