• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:16:24
Алматы
+35°

Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Токио Олимпиадасын қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлады Vesti.kz.

Бас бапкердің айтуынша, елде мықты резерв бар. Енді солардың әлеуетін пайдалану керек. Ал, құрамада жүрген жігіттердің кейбірі кәсіпқой мансабын аяқтап, кейбірі кәсіпқой боксқа ауысатын көрінеді.

Ұлттық құрама жазғы ойындардан 1 алтын, 1 күміс және 1 қола алуды жоспарлапты. Бірақ үміт артқан жігіттер алғашқы айналымдардан ұшқан.

– Осы тұрғыда төрешілердің жұмысына да біраз сұрақ бар. Себебі, олар компьютерлік технология бойынша кездейсоқ таңдалды. Кейбірі дайындықсыз келді. Тіпті ағылшын тілін білмейтіндері де бар. Соның салдарынан әртүрлі келеңсіздіктер орын алып жатты. Қалай болғанда да енді есті жинап, қателіктерді түзеп, алдағы Олимпиадаға дұрыстап дайындалу керек. 

– Қазір елде бокстың резерві мықты. Олимпиадаға бара алмай қалған жігіттер бар. Олар 2024 жылы өтетін Париж ойындарында жарқырайтын болады. Токиодан кейін құрамадағы спортшылардың біразы кетеді. Жалпы алғанда буын алмасу процесі болады. Осы ретте жастардың тәжірибе жинақтап, келесі төрт жылдыққа жақсы дайындықпен баруына мүмкіндіктері бар. Құлдыраудан кейін әлі-ақ биікке көтерілеміз, – деді бас бапкер  Ғалымбек Кенжебаев. 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір