30 Маусым, 2021 NEWS
Фото: kazus.kz
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астана күнінде отшашу болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған есеп беру кездесуінде айтты.
– Қала күні – қала тұрғындары үшін ерекше күн. Адамдар тойлағысы келеді, әсіресе көбісі оны күтеді. Бірақ эпиджағдайға байланысты біз жоспарларымызды өзгерттік. Жыл басында жоспарлар болды, бірақ қазір бас санитар дәрігердің талаптарын ескере отырып, барлық іс-шаралар онлайн форматқа көшуде. Ал көшеде әлеуметтік қашықтық пен санитарлық талаптарды ескере отырып жүргізілетін болады, – деді әкім онлайн-брифингте журналистер сұрақтарына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, елорда күнін әлеуметтік бағытта өткізу жоспарланған. Бұл күні кезекте тұрғандарға 400 пәтер беріледі, үлескерлерге 20-ға жуық көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда, сондай-ақ 50-ден астам абаттандырылған аула пайдалануға беріледі. Қала басшысы атап өткендей, елордада зағип балаларға арналған балабақша ашылады.
Сондай-ақ ол қала күніне орай ешқандай отшашу жоспарланбағанын атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір