• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 06:02:18
Алматы
+35°

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты сот үкіміне келіспеген 700-ден аса адам шеруге шықты, деп хабарлады bbc.com сайты.

2 ақпан күні Мәскеу қалалық соты шығарған сот үкімі бойынща Алексей Навальный шамамен 2 жыл 8 айын колонияда өткізеді. Навальныйдың қорғаушылары бұл шешімге шағымдануды жоспарлап отыр.

Bbc.com сайтының мәліметінше, сот өтіп жатқанда Мәскеу қалалық соты ғимаратының алдына  адамдар жинала бастаған. Ал кешке сот процесі аяқталғаннан кейін тағы жүздеген адам көшеге шықты. "ОВД Инфо" мәліметтері бойынша, бір күнде 700-ден астам адам ұсталған.

Сталингулаг telegram арнасының мәліметінше, бейбіт шеруге шыққан халыққа күш көрсетілген.

– Қазір Мәскеудің орталығында еркін азаматтардың нағыз геноциді жүріп жатыр. Бейбіт, ешқандай қарсылық көрсетпейтін адамдардың қолдарын көтертіп, аяусыз ұрып жатыр... Бұл – Путиннің Ресей тарихындағы ең масқара күні. Әнұран, шыңғырған айқай, халықтың басына тиген соққылар... – деп жазды Сталингулаг telegram арнасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір