• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 22:11:58
Алматы
+35°

Қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратовтың активтеріне шектеу шараларын қолдану туралы ағылшын сотының бұйрығы алынып тасталды. Бұл туралы "Верный Капитал" компаниясы хабарлады.

"Болат Өтемұратов пен БТА банкінің өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесінде құпия келісімге қол қойылды, оған сәйкес банк өзінің талап-арызын қайтарып алуға міндеттелді. Осы келісім бойынша ағылшын сотының Болат Өтемұратовтың активтеріне шектеу шараларын қолдану туралы бұйрығы алынып тасталды. Маңызды құжаттардың бір бөлігі аталған келісімге қол қойылғанға дейін ұсынылды. Тараптар сондай-ақ БТА банкінің өз ақшалай қаражатын қайтару жөніндегі шараларды іске асыруда пайдалы болуы мүмкін кез келген деректермен алмасу мәселесі бойынша ынтымақтасуға уағдаласты" делінген "Верный капитал" хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновқа БТА банкінің талап арызы қойылған. Одан кейінгі сотталушылар тізімінің кеңеюіне сәйкес, оның құрамына 2020 жылдың қарашасында Болат Өтемұратов және оның бизнес құрылымына кіретін бірқатар адамдар қосылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: болат өтемұратов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір