21 Қазан, 2020 NEWS
Фотоколлаж
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшыларын қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда ресми сайты.
"Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;
Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды" делінген хабарламада
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір