• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:43:08
Алматы
+12°

Италияда коронавирус деректері көбеюіне байланысты шектеулерді күшейтетін жаңа шаралар жарияланды.

Маска киген премьер-министр Джузеппе Конте бұл шаралар "жаңа локдаун болдырмау үшін" қажет деп мәлімдеді.

Сағат 21:00-ден кейін әкімдер қоғамдық орындарды жабу бойынша өкілеттіктерге ие болады және мейрамханалардың жұмыс уақыты мен топтардың санына бақылау күшейеді.

Бұл әрекеттер Италияда екінші күн қатарынан ең жоғары тәуліктік инфекция жұқтыру тіркелуіне байлынсты қолға алынған.

Италияда жексенбіде 11705 жаңа жағдай анықталған. Пандемия басталған кезде Италия Еуропадағы ең қатты зардап шеккен ел болды. Қазір онда 414 000 расталған коронавирус жағдайлары тіркелді. Италияда пандемиядан қаза тапқандар саны 36 500-ге жетіп, Covid-19 өлім жітім саны жағынан Еуропадағы Ұлыбританиядан кейінгі екінші орындағы зардап шегуші ел болды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Италия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір