17 Қыркүйек, 2024 Экономика
Көрнекі сурет
Мемлекеттік борыш құрылымындағы үкіметтік борыш 2029 жылға қарай 48 462,9 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Қазір бұл көрсеткіш 32 843,6 млрд теңге шамасында. Бұл туралы үкіметтің 2025–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айтылды.
Үкімет болжамында валюталық тәуекелдерді болдырмау мақсатында қарыз барынша ішкі нарықтан алынады айтылған. Сырттан қарыз ішкі нарықта өтімділік жеткіліксіз болған жағдайда алынбақ.
«Елдің және квазимемлекеттік сектордың сыртқы мемлекеттік борышының деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштың жоғарғы шектерін шектеу көзделген, олар жиынтығында ЖІӨ-нің 53,2%-ынан аспауға тиіс» делінген үкімет болжамында.
Үкімет борыш 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 20,7%-нан аспайтынын айтып, болжамды параметрлер белгіленген шектеулер деңгейінде болады мәлімдеп отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір