18 Қыркүйек, 2024 NEWS
Көрнекі сурет
2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Бұл туралы қорғаныс министрлі хабарлады.
"Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады" делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерін әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір