• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:44:18
Алматы
+35°

Көкшетаудағы "Қазэкспортастық" АҚ холдингінің ішкі қауіпсіздік қызметкерлері компания жалақыларын бермей отырғанын айтып шағынды. Бұл туралы kokshetau.asia хабарлады.  ⠀

Шағымданушылардың айтуынша, компания оларға он миллион теңгеге жуық қарыз. Қызметкерлер бірнеше айдан бері зейнетақы жарналары тоқтап қалғандығын айтады.

– Бұл компанияда 2014 жылдан бері жұмыс істеймін. Осы жылдың қаңтарында бізді ақысыз еңбек демалысына жіберді, содан кейін карантин басталды. Бірнеше айдан кейін мен қызметімнің қысқартылғаны туралы хабарлама алдым. Компанияның маған қарызы  –  2,7 миллион теңге. 2019 жылдан бастап зейнетақы жарналары жоқ, біз несие ала алмаймыз. Бұлай жалғаса беретін болса, біз Ақордаға жетеміз, парламентке жүгінеміз және президент бізді тыңдайды деп сенеміз. Ойнап жатқан жоқпыз, менің үш балам бар, отбасымды асырауым керек, – дейді компания қызметкерлерінің бірі.

Қызметкерлер әртүрлі органдарға үндеу жолдағанын, бірақ әзірге нәтиже жоқ екенін күйінішпен айтты. 

Журналистер жағдайдың мән-жайын білу үшін компанияның қабылдау бөліміне хабарласқан. Тұтқаны көтерген хатшы қыз қызметкерлердің жалақысының кешіктірілуі туралы ақпаратты растаған. Алайда карантинге байланысты басшылықтан ешкім жоқ екенін айтқан. ⠀ ⠀

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Көкшетау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір