• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:22:31
Алматы
+12°

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-сұхбат барысында «Жас Қанат» бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жалпы тәжірибелік емдеу дәрігері Меруерт Көшенова, қала тұрғындарын өзін-өзі емдеумен айналыспауға және тіркелген жері бойынша емханаға дер кезінде хабарласуға шақырды.

«Өз бетімен емделуге болмайды. Тіркеу орны бойынша емханаға дене қызуы, кеуде қуысының ауырыуы, жөтел және т. б. сияқты белгілер пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Симптомдарды елемей жүрмеңіз. Егер сіз диспансерлік есепте тұрсаңыз, емдеуші дәрігердің тағайындауларын қабылдаңыз», — деп шақырды Меруерт Көшенова.

Меруерт Көшенованың айтуынша, эпидемия басталғаннан бері «Жас Қанат» емханасында сипмтомы білінбей КВИ-мен ауырған 145 науқас, ал жеңіл түрімен ауырған 98 науқас бақылауда болды. Шамамен 80-і ауруханаға жатқызылды. Медициналық көмекке уақтылы жүгінудің арқасында, коронавирус инфекциясы бар 243 науқас амбулаторияда емделіп, жазылып шықты.

«Біздің емханада ауру жұқтыру өршіп тұрған кезде, бір ай ішінде (15 маусымнан 15 шілдеге дейін) вирустық этиология пневмониядан 114 адам емделді. Осы кезеңде біздің медицина қызметкерлеріміздің бақылауында 2000-ға жуық тіркелген халық бақылауда болды. Оның ішінде науқас отбасыларымен байланыста болғандар да бар», — деп қорытындылады дәрігер.

Қорытындылай келе, маман коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар берді:
- Науқастардан аулақ болу; үйде мүмкіндігінше ұзақ болу;
- Мүмкіндігінше басқа адамдардан екі метр қашықтықта болыңыз;
- Қолыңызды жылы сумен және сабынмен кемінде 20 секунд мұқият жуыңыз;
- Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауызды немесе мұрынды майлықпен жабу немесе шынтақтың ішкі жағын пайдалану;
- Көз, мұрын және ауыз қуысына қол тигізе бермеу;
- Вирусты жою үшін жиһаз беттерін, есік тұтқаларын дезинфекциялық құралмен жиі тазалаңыз;
- Жедел респираторлық вирустық инфекция симптомдары пайда болғанда өздігінен оқшаулануға;
- Денсаулықты сақтау үшін физикалық тұрғыдан белсенді болыңыз;
- Салауатты өмір салтын ұстану, уақытылы ұйықтау және физикалық белсенділікті сақтау.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір