23 Қазан, 2019 NEWS
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 16 жастағы жігітті үш жыл бойы зорлап, ақша бопсалаған полицияның бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өңір басшының айтуынша, қазіргі таңда қылмыстық істі өңірдегі тәртіп сақшылары тергеп жатыр.
"Бұл істі білемін. Прокуратура, өңірлік полиция департаменті әлі күнге дейін жұмыс жүргізіп жатыр. Танымал блогерлер іске араласқысы келеді. Дегенмен, бұл қылмыс. Оны саясиландырып, елді дүрліктірмеу керек", – деді Ө.Шөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ аталмыш іс заң аясында шешілетінін, оны әрбір баспасөз мәслихатында көтере беру дұрыс емес екенін атап өтті.
"Құзырлы органдар реттесін. Сот үкім шығарады. Егер үкім әділ болмаса, істі қайта қарасын. Менің ойымша, әр баспасөз мәслихатында бұл мәселені қайта-қайта көтерудің қажеті жоқ", –деп түйіндеді сөзін Түркістан облысының әкімі.
Еске салсақ, 2019 жылдың жазында Түркістан облысының Абай ауылында 16 жастағы жігітті үш жыл бойы зорлап, ақша бопсалаған полицияның бұрынғы қызметкері ұсталды. Бұл ақпаратты танымал қазақстандық адвокат Айман Омарова әлеуметтік желіде жариялаған еді. Жігітті зорлаған бұрынғы тәртіп сақшысы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінгі күнге дейін тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір