• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 14:20:04
Алматы
+9°

01 Қазан, 2019 Маңғыстау облысы

Маңғыстауда жыл соңына дейін 11 инвестициялық жоба іске қосылады

Мұны өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.

2019 жылы жоспарланған 13 жобаның ішінде жалпы құны 976 млн. теңге болатын 2 жоба пайдалануға берілді. Екі жобаның арқасында 37 жұмыс орны құрылды. Олар битум эмульсиясы негізінде гидро оқшаулағыш материалдарды өндіретін «SatexChemie» ЖШС және «Best group» жел электр станцияларын салу мекемесі. Келер 2020 жылы 119 млрд теңгеге 11 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 1500-1700-дей жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 840 шетелдік компания жұмыс істейді.

-«Маңғыстауда инвестициялық ахуал жақсы. Қысқаша тоқталсам, қаңтар –тамыз айының аралығында Маңғыстау облысының өнеркәсіп көрсеткішінің негізгі көлемі 98,8% құрап отыр. Өздеріңіз білетіндей Маңғыстау облысының өнеркәсібінің 90% үлесі тау-кен өндіруші кәсіпорындар, яғни мұнай мекемелері болып табылады»,- деді Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық басқармасы басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадыров.

Маңғыстау облысында 2020 жылға жоспарланған  айрықша маңызды жобалар:

  1. Түркиялық инвесторлардың бастамасымен Ақтау қаласының аумағында құны 60,8 млрд.теңге болатын туристік қонақ үй кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. 2020 жылдың аяғына дейін 1-кезеңі іске қосылмақ. Нәтижесінде 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
  2. Сингапурлық "WestGasOil” (УестГазОйл) компаниясының бастамасымен құны 684 млрд.теңгені құрайтын «Метанол және олефин өндіру» зауыты іске қосылады деп жоспарланған
  3. Құны 76 млрд.теңге болатын шойын өндіретін металлургиялық зауыттың құрылысын «Техногран-Актөбе» ЖШС салуды қолға алған.
  4. «Маңғыстау Ойл Рефайнинг» ЖШС құны 7,6 млрд.теңге болатын «Мұнай Өңдеу Зауыты» құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір