• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:24:18
Алматы
+12°

18 Шілде, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Марғұлан Сейсембай: Ұлттық кеңес менің шартымды орындамады

Марғұлан Сейсембайдың жазуынша, кеңесті құрушылар оның қойған шарттарын орындамаған. 

Белгілі инвестор, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің тізімінде не себепті жоқ екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Сейсембай өзінің Facebook парақшасында жазды.

Марғұлан Сейсембайдың жазуынша, кеңесті құрушылар оның қойған шарттарын орындамаған. 

"Олар менiң шартымды орындамады. Мен оларға саяси тұтқындарды босатыңдар, сонда Кеңеске кiрем деп шарт қойғанмын. Бұл шартты орындамай, Кеңесте iстеу - аморалды", - деп жазды Сейсембай өзінің жазбасында. 

Қазақстанда 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауынан кейін жеңіске жетіп, ел президенті атанған Тоқаев халық пен биліктің арасында диалог орнатуға уәде беріп, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруға тапсырма берген. Оның кеңесшілері мен жоғары билік өкілдері Марғұлан Сейсембай, Арман Шораев, Мұхтар Тайжан және т.б. қоғам белсенділерін шақырып, Ақордада жеке-жеке қабылдады. Сейсембай сол кезде де Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрушылар өзінің қойған шартын орындаса, кеңес мүшесі болатынын айтқан. 

Бүгін, яғни, маусымның 17-де президент Тоқаев  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ержесі мен құрамын бекіту туралы қаулыға қол қойған.

Кеңес құрамына қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер, депутаттар және белсенділер (барлығы 44 адам) мүше болды. 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір