• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:12:51
Алматы
+12°

Бүгін "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатысуға қосымша қабылдау басталды. Құжаттар 25 қыркүйекке дейін қабылданады.

Қатысуға өтінімді Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) беруге болады.

Бағдарламалардың шарттары қандай?

- алғашқы жарна 20%-дан бастап;

- несиелеу мерзімі 19 жылға дейін;

- салымды жинақтау мерзіміне шарттар қойылмайды, депозитті қатысуға өтінім бергенге дейін ашуға болады;

- несиенің максималды сомасы ұлғайтылды – Астана, Алматы қалаларында 36 млн теңге және басқа өңірлерде 30 млн теңге;

- Алматы және Астана қалаларында тұрғын үй сатып алу орны бойынша тіркелу талабы жойылды;

- Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстық маңызы бар қалаларда тек алғашқы нарықтағы үйлерді алуға болады, моноқалаларда екінші нарықтағы да үйлерді алуға мүмкіндік бар

- халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде есепте тұрған адамдар үшін сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін) дейін төмендетілді;

- Екі бағдарлама бойынша ұпай есебі бірдей жүргізіледі;

- Өтінім беруші мен отбасы мүшелерінің атында үй болмауы керек.

Кім қатыса алады?

Үйлі болғысы келетін кез келген ел азаматы. Ол үшін әкімдіктің үй кезегінде тұру міндетті емес.

Қалай қатысуға болады?

- Отбасы банктен есепшот ашу;

- Оны миллион теңгеге дейін толтыру

- Соңғы 6 айдағы табысты растау;

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір