• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:46:55
Алматы
+12°
Маңғыстау облысында мектеп асханасынан уланған балалардың 17-сі ем алуын аяқтап, ауруханадан шығарылды. Стационарда 75 бала емін жалғастыруда, олардың да жағдайы тұрақты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ауру шыққан кезден бастап қызуы көтерілуі, ішінің өтуі, лоқсу, әлсіздік бойынша 460 бала дәрігерлерге қаралған. Соның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылған.

"Барлық науқастар антибактериялық және дезинтоксикациялық, сонымен қатар симптоматикалық ем алуда. Дәрігерлер ішек микрофлорасын қалпына келтіру және регидратациялау бойынша заманауи әдістерді қолдануда, бұл науқастардың бойында аурудың белгілерін едәуір төмендетуге септік етті" делінген министрлік хабарламасында.

6 қыркүйек күні Мұнайлы ауданындағы №8 мектеп асханасында балалар жаппай уланған. Аталған дерек бойынша полиция "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" айыбы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір