15 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астанада "Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы "Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған іс-шара Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың III отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, Астана қаласының құрметті ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, өз еңбегімен ерекшеленген жоғары білікті мамандар қатысты.
Жиналғандар құрылтай тұжырымдамасына сәйкес ұрпақтар сабақтастығы тақырыбын талқылады және тек адал еңбек қана табысқа жетелейді деген пікірмен бөлісті.
Кеш қонағы ретінде шақырылған батырлық танытқан полиция қызметкері Арман Сәрсембаев "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына қатысқан жас маман, "My Mind" Медициналық технологиялар саласындағы стартаптарды әзірлеуші Ю.Тумгоев жастардың ғылымдағы еңбегі және аға буын өкілдерінің жас мамандарды жұмысқа тартуға әсері туралы пікір білдірді.
Ұлттық Құрылтай мүшесі Зулфухар Ғайыпов пен мәслихат депутаты Қанат Естек дөңгелек үстел жұмысының маңыздылығын ерекше атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
"Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс" дөңгелек үстелінде орталықтың қызметі туралы блиц-сауалнама мен бейне көрсетілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір