Рысбек Сәрсенбайұлы бастаған қоғам белсенділері соты болып жатқан журналист Думан Мұхамедкәрімге бостандық сұрап, президент Қ.Тоқаевқа үндеу жасады.
Журналист, "Не дейді" YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім "тыйым салынған ұйым ісіне араласу" және "экстремизмді қаржыландыру" баптары бойынша айыпталып, 2023 жылғы маусымнан бері қамауда отыр. Оған мұндай айып оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтан сұхбат алғаннан кейін тағылған. Журналист кінәлі деп танылса, 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Пікір қалдыру
пікір