• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:55:30
Алматы
+12°

25 Қараша, 2024 NEWS

Ұшақ билетінің бағасын әуежайлар қымбаттатып отыр - Энергетика министрі

Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында депутат Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев әуе билеттерінің бағасы туралы пікір білдірді.

Көрнекі сурет

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов салаға жауапты министрліктердің монополияға жол бергенінің кесірінен елде әуе билетінің бағасы негізсіз өсіп жатқанын айтты.

- Әуе билеттерінің бағасы өте жоғары. Біз авиакомпанияларды жиі сынаймыз. Бірақ іс жүзінде негізгі кінәлілердің бірі – Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайгаз». Бүгінгі таңда «Курсив» порталының материалдары бойынша авиаотын бағасы 600 мың теңге болған. Өзбекстанда ол 200 доллардан арзан. Әлемде отын бағасы, оның ішінде ТМД елдерінде 300 мың теңге. Бұл монополиялық жағдай. ҚазМұнайГаз бағаны жоғары ұстап тұруға мәжбүр етеді. Біз өзіміз 600 мың тонна өндіріп, Ресейден 200 мың тонна сатып аламыз. Бұл мәселені қалай шешеміз? Монополияның тиімсіз ұйымдастырудың кесірінен жасанды тапшылық жасап отырсыздар. Бүгінгі таңда баға жоғары. Өйткені әуе билеті құнының 30 пайызын жанармай бағасы құрап отыр, - деді депутат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір