• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 04:05:59
Алматы
+7°

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Ақтау қаласында амфитеатр сахнасында «ЖасАрт» жекеменшік мекемесінің ұйымдастыруымен «PATRIOT BOL» гала-концерті өтті. Басты мақсаты – әр адамның бойына патриотизмді қалыптастыру.
 
Мерекелік концертті үш мыңға жуық қала тұрғыны тамашалады. Іс-шара барысында көрерменге викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар берілді.

Тсьс

Шараның шымылдығын Маңғыстау өнер колледжінің студенттері, «ЖасАРТ» жастар театры және «ТеАРТ» студиясы мемлекеттік әнұранмен ашты. Одан кейін өңірдің өнерпаздары Есқали Бауыржан, Асылтас Аяп және Сұңғат Жолдасбай өнер көрсетіп, көрерменді мерекемен құттықтады.

Кештің басты қонағы – «Qazaqsha Therapy» ұжымы. Алматыдан келген өнерпаздар концерттік бағдарламасын «Адай» күйімен және арнайы бишінің қойылымымен бастады. Әрі қарай Жаяу Мұсаның «Ақ сиса», Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» және «Дүр қамшы» әндерін орындады.

Лкл
 
«Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Жасарт» жекеменшік мекемесі патриоттық іс-шара өткізу бойынша грант иегері атанған болатын. Отансүйгіштік пен ұлттық рухты дәріптеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту мақсатында «Патриот бол» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл жоба аясында біз бірнеше міндеттерді атқардық. «Патриот бол» жобасын қорытындылау мақсатында Республика күніне орай ашық аспан астында гала концерт ұйымдастырдық», – дейді жоба авторы, Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының режиссері Әлия Исаева.

Сонымен қатар концертті тамашалаған көрермен пікірін сұраған болатынбыз. Олар осы секілді жобалар халықтың рухын көтеру үшін қажет екенін айтты.

«Концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылған. «Qazaqsha Therapy-ны» көргеніміз үшін қуаныштымыз. Бүгін тыңдаған әндерден рух алып, қанаттанып қайттық. Отбасыммен келдім. Балаларыма осындай шараны көрсеткенім қуантады», – дейді Сандуғаш атты көрермен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір