• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 11:22:47
+12°

Кеше қастандық жасалған Киевте тұратын қазақстандық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовтың жағдайы ауыр. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Садықовқа кеше, 18 маусымда Киевтегі аурухананың біріндегі нейрохирургия бөлімінде жасалған операция екі жарым сағатқа созылған. Бұл туралы Айдос Садықовтың әйелі, журналист Наталья Садықова Азаттыққа берген сұхбатында айтқан.

– Оқ самайына тиіп, миын жанап өткен. Кеше жансақтау бөліміне кіріп шықтым, жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер жаман болжам жасап отыр. Бүгінгі түннен аман қалса, тағы бақылаймыз деді. Айдос мен жансақтау бөліміне кіргенде естімеді, бірақ мен одан өлмеуін сұрадым. Мені естіген сияқты, себебі бүгін [19 маусымда] таңертең Киев уақытымен 7-де ауруханаға хабарласқанымда "бүгінгі түннен аман шықты" деп айтты, – деді Садықова.

2014 жылы Қазақстан парламентінің экс-депутаты Марат Итеғұловтың шағымы бойынша Наталья Садықованың үстінен қылмыстық іс қозғалған соң ерлі-зайыпты Айдос және Наталья Садықовтар Ақтөбеден Киевке кеткен. Итеғұлов журналист Садықованың лақап атпен оппозициялық газетке жазған мақаласын "жала жабу" деп, сотқа арызданған.

Былтыр Қазақстан үкіметі Айдос және Наталья Садықовтарды "араздық қоздырды" деп айыптап, іздеу жариялаған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Айдос Садықов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір