• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Шілде, 00:00:26
Алматы
+35°
Ресей астанасы Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған терактен зардап шеккендер саны артып жатыр.
 
ВВС орыс қызметінің мәліметінше, кемі 60 адам қаза тауып, 145 адам зардап шеккен.
 
22 наурыз күні Мәскеу уақытымен 8-ден өте "Крокус Сити Холл" залында Пикник тобының концерті басталарда камуфляж киген бірнеше адам автоматтан оқ жаудырып, оқиға орнынан ізін суытқан.
 
Телеграм-арналарда тараған ақпаратқа қарағанда күдіктілер ақ түсті "Рено" көлігімен сытылып кеткен болуы мүмкін. Бейресми деректерге сәйкес, тегі ингуш үш Ресей азаматына іздеу жарияланған.
 
Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев терактке Украинаны кінәләп сөйледі, алайда Украина тарабы бірден оқиғаға қатысы жоқтығын мәлімдеді. АҚШ та шабуылға Украинаны айыптауға негіз жоқ деп реакция танытты.
 
Ұзамай көптеген елдерде лаңкестік  деп танылған "Ислам мемлекеті" ұйымы лаңкестік шабуылды өз мойнына алды. Алайда ВВС-дің орыс қызметі ақпаратты тәуелсіз растау қиын екенін, аталған ұйым бұрын өздері қатысы жоқ оқиғаларды мойнына алған кездер болғанын еске салды.
 
7 наурыз күні АҚШ Ресейге 48 сағаттың ішінде лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат таратып, Ресейдегі азаматтырын адам көп жиналатын жерге бармауға үндеген.
 
9 наурыз күні Ресейдің ФСБ қызметі Мәскеу синагога шіркеуіне жасалмақ болған шабуылдың алдын алғанын, арнайы қызметпен атыс кезінде екі қазақстандық қаза тапқанын хабарлаған.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мәскеудегі теракт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір