• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қазан, 15:34:42
Алматы
+9°

29 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Шетелдіктер асырап алған Жәнібек Қазақстанға қайта оралды

Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы - Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта оралды, деп хабарлайды Qamshy.kz "Қазақстан" телерадиокорпорациясына сілтеме жасап.

instagram/muratsaveliev

Ол Астанада "Қазақ радиолары" өткізетін "Мың алғыс" шарасына қатыспақшы.

"Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталды. Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр", делінген сүйінші хабарламада.

Жәнібектің анасына қатысты зерттеу жұмыстары әлі жалғастығын табуда.

Айта кетсек, алдында ол Қазақстанға келіп, бірнеше телерадиобағдарламаға да қатысып, анасын таппай кеткен. 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Сондықтан барша Қазақстан халқы оны қазақша есімімен қабылдап, оған тілекші болуда. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атайды. «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан оған анасын табуға көмектесіп жүр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір