• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қазан, 15:27:21
Алматы
+9°

Республика күнінде Абай облысында сенбілік өтіп, көшет отырғызылды. Өңірді көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өткен шараға 200-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыстық басқарма басшылары, саяси партиялар өкілдері, депутаттар, қоғам белсенділері, жастар және белсенді тұрғындары бар.

Сенбілік аясында жергілікті климатқа арнайы таңдап алынған 100 түп үйеңкі мен жөке көшеттері отырғызылды. Бұл ағаш түрлері аймақтың экологиялық жағдайында жақсы өмір сүреді және қалалық кеңістіктерді көркейтуге үлес қоса алады.

«Республика күні аясында «Таза Қазақстан» акциясын жалғастырып отырмыз. Бұл бір күндік шара емес, алдағы уақытта да жалғасын табады. Облыс орталығынан бөлек, барлық қала, аудандарымызда үлкен қолдау тауып отыр. Біздің мақсатымыз – ағаш отырғызу ғана емес, экологиялық мәдениетті дамыту», – деді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Сенбілік тек ағаш отырғызумен шектеліп қалған жоқ. Қатысушылар сонымен қатар аумақтарды тазалап, қоғамдық аумақтарды абаттандырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Абай облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір